jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Алматы жастары": бюджеттен тұрғын үй бағдарламасына қосымша қаржы бөлінеді

Үйдің макеті және ақша
Үйдің макеті және ақша. Көрнекі фото: freepik.com

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша қалада "Алматы жастары" бағдарламасын қаржыландыру жалғасады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен "Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасын қаржыландыру жалғастырылады. Бұл туралы Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясы барысында қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлімдеді.

Алматы қаласының бюджетін нақтылау шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы азаматтар үшін әлеуметтік көмек көлемі ұлғайтылды: 585 млн теңге аудандық әкімдіктерге азаматтарға үйде әлеуметтік қолдау көрсетуге, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдауға бөлінеді.

Қанат Сухамбеков атап өткендей, "Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасын қаржыландыру үшін бюджеттен қосымша 1,4 млрд теңге бөлінеді.

Бұл, оның айтуынша, әлеуметтік, құқық қорғау, коммуналдық және басқа да салаларда еңбек ететін жас азаматтар үшін қосымша 80 ипотекалық қарыз беруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін ішкі істер органдарының 2 510 қызметкеріне жергілікті бюджеттен қосымша 2,5 млрд теңге бөлу жоспарлануда

"Алматы жастары": бюджеттен тұрғын үй бағдарламасына қосымша қаржы бөлінеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.