jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Полицейлердің" ақша бергені түсірілген видео: Қарағанды облыстық ПД өкілдері түсініктеме берді

конверттегі ақша
Конверттегі ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Әлеуметтік желіде балқаштық "полицейлердің" прокурорға ақша беріп жатқаны көрсетілген видео пайда болды. Видеоға Қарағанды облысының ПД өкілдері түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео бірнеше күн бұрын Instagram желісіндегі DK_VKO паблигінде, кейінірек басқа да парақшаларда тарап кетті.

Видео авторы кадрларда полиция қызметкерлерінің прокурордың көмекшісіне ақша беріп жатқаны көрсетілгенін айтады.

Қарағанды облысының полиция департаменті өкілдері видеоға қатысты түсініктеме берді. Бұл 2014 жылғы видеожазба екені белгілі болды.

"Ол бойынша қызметтік тексеріс жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады. Сонымен бірге биыл ақпан айында видеоға қатысы бар тұлғалардың біріне қатысты күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Заңсыз әрекет жасаған азамат қазіргі уақытта қамауда отыр", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі өкілдері.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.