Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте ресейлік жоғары санатты медицина мамандары шеберлік сабағын өткізіп жатыр

Жарияланған күні:

Дәрігер
Дәрігер. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте ресейлік жоғары санатты медицина мамандары халықаралық шеберлік сабағын өткізіп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ӨКҚ Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, перинаталдық орталықта акушер-гинекологтар мен акушерлерге арналған халықаралық шеберлік сабағы өтті. Іс-шараның ашылу рәсіміне қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков қатысты.

Дәрістерді Ресейден арнайы шақыртылған жоғары санатты медицина мамандары жүргізді. Үш күндік оқытуларда медицина қызметкерлері жедел акушерлік жағдайларда симуляциялық жабдықта мануальды дағдыларды игерді, практикалық сабақтар дәрігерлердің кәсіби біліктіліктерін арттырды. Ақ халаттылар босану кезінде ана мен балаға көрсетілетін шұғыл көмектер бойынша тәжірибе жинақтады.

Жергілікті дәрігерлерге Ресей елінің жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігері Сергей Мартиросян және Калининград облысының "Өңірлік перинаталдық орталығының" бас дәрігері Ольга Перевозкина, медицина ғылымдарының кандидаты Юлия Кутейкина теориялық және практикалық дағдыларды ұштастыра отырып, кәсіби кеңестер берді.

Жалпы шеберлік сабағына қаладағы перзентханалардан 40-тан аса медицина қызметкері қатысып, біліктілігін арттырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2194536-shymkentte-reseilik-zhogary-sanatty-meditsina-mamandary-sheberlik-sabagyn-otkizip-zhatyr/