jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Жоғары жауынгерлік әзірлік деңгейіне келтіріледі": Қорғаныс министрлігі тұрғындарға үндеу жасады

    Әскери техникалар
    Әскери техникалар. Фото: Қорғаныс министрлігі

    Қазақстанда жауынгерлік дайындықтың жаңа кезеңі басталды. Осыған байланысты барлық әскери басқару органдары, Қарулы күштердің әскери бөлімдері мен мекемелері жоғары жауынгерлік әзірлік деңгейіне келтірілетін болады, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі Telegram-дағы арнасында.

    "Жаңа жауынгерлік оқу кезеңінің басталуына байланысты барлық әскери басқару органдары, Қарулы күштердің әскери бөлімдері мен мекемелері жоғары жауынгерлік әзірлік деңгейіне келтірілетін болады. Желтоқсан айының басында армия бөлімшелері полигондар мен оқу-жаттығу орталықтарына марш жасау үшін дабыл бойынша көтеріледі.

    Жеке құрам мен әскери техниканы кешенді тактикалық-саптық сабақтар мен жаттығулар өтетін орынға жөнелту жүзеге асырылатын болады.

    Қауіпсіздік мақсатында өңірлердегі жолдардың жекелеген учаскелерінде жол қозғалысы уақытша шектелуі мүмкін екенін хабарлаймыз. Осыған байланысты азаматтардан және БАҚ өкілдерінен жалған хабарламалар таратпауды және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді сұраймыз", - делінген министрліктің хабарламасында.

    "Жоғары жауынгерлік әзірлік деңгейіне келтіріледі": Қорғаныс министрлігі тұрғындарға үндеу жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.