Зектілері

Тәулік бойы патрульдеу: "Бурабай" ұлттық табиғи паркі өкілдері қазақстандықтарға үндеу жасады

Жарияланған күні:

Бурабай
Бурабай. Фото: borovoe.kz

"Бурабай" ұлттық паркте қылқанжапырақты жас шыршаларды қорғауды күшейту басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ мемлекеттік ұлттық табиғи парктің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Табиғи парк өкілдерінің мәлімдеуінше, 1 желтоқсаннан бастап "Бурабай" МҰТП орман инспекторлары қылқанжапырақты ағаштарды заңсыз кесу фактілерінің алдын-алу мақсатында күшейтілген патрульдеуге көшеді. Мемлекеттік инспекторлар ішкі істер органдарының өкілдерімен бірлесіп, жаңа жылдық мерекелерге дейін тәулік бойы жедел кезекшілік жүргізеді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 381-1 бабына сейкес, "заңсыз кесілген ағаштарды, көлік құралдарын және аталған бұзушылықтарды жасау құралы болып саналатын бұзушының өзге де заттарын тәркілей отырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру:

  • жеке тұлғаларға – 30 АЕК мөлшерінде,
  • шағын кәсіпкерлік субъектілерінің немесе коммерциялық емес ұйымдардың лауазымды адамдарына – 70 АЕК мөлшерінде,
  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 90 АЕК мөлшерінде,
  • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатының ескертілді.

Бұдан басқа, бұзушы қылқанжапырақты ағаштардың әрбір ағашын бүлдіргені немесе жойғаны үшін 15 АЕК мөлшерінде ("ҚР орман заңнамасын бұзумен келтірілген зиян мөлшерін есептеу үшін базалық ставкаларды бекіту туралы" ЭӘДМ-нің 22.09.2023 жылғы № 265 бұйрығы негізінде) залал төлеуге мәжбүр болады. Егер орман қорына келтірілген залалдың мөлшері 50 АЕК-тен асса, материалдар қылмыстық іс қозғау үшін құқық қорғау органдарына беріледі.  Ұлттық парк өкілдері азаматтарды орман ресурстарын қорғауға және белгіленген ережелерді сақтауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2194902-taulik-boiy-patruldeu-burabai-ulttyq-saiabagy-okilderi-qazaqstanstandyqtarga-undeu-zhasady/