jitsu gif

"Көлсай көлдерінде" қар барысы мен оның үш аланы видеоға түсіп қалды

Қар барыстары
Қар барысы мен аландары. Видеодан кадр: instagram.com/qazaqormany

"Көлсай көлдері" ұлттық паркінде қар барысы мен оның үш аланы фототұзаққа түсіп қалды. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінінің Instagram-дағы арнасында жарияланды.

Комитет ақпаратынша, қар барысы мен оның үш аланын "Көлсай көлдері" ұлттық паркінің фототұзақтары түсіріп алған.

"Мұндай үлкен ұрпақ өрбіту ілбіс үшін өте сирек кездеседі, бұл олардың мекендеу ортасының жақсы жағдайда екенін көрсетеді. Осы сұлу жыртқыштардың әр қадамы – олардың популяциясын сақтау бойынша жасалып жатқан күш-жігердің жемісі екенін білдіреді.

Қар барысы қорғауға алынған, бірақ оның популяциясы браконьерлік пен мекен ету аймағының қысқаруына байланысты әлі де осал. Алайда мұндай көріністер ғалымдар мен ұлттық парктердің үйлесімді жұмысы бұл ерекше жыртқыштарды қорғауға көмектесетініне үміт береді", - делінген хабарда.

Еске салсақ, бұған дейін "Көлсай көлдері" ұлттық табиғи паркінде қар барысы мен Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсіп қалған болатын.

"Көлсай көлдерінде" қар барысы мен оның үш аланы видеоға түсіп қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.