jitsu gif

Шымкент әкімі бірқатар спортшыны қабылдады

Шымкент әкімі бірқатар спортшыны қабылдады
Шымкент әкімі бірқатар спортшыны қабылдады. Фото: instagram.com/ akimat_shymkent

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков республикалық "Қазақстан барысы" турнирінің күміс жүлдегері Ерсұлтан Мұзаппаровты және грек-рим күресі бойынша әлем және Азия чемпионы, Азия ойындарының қола жүлдегері, сондай-ақ көптеген отандық турнирлердің жеңімпазы Әлімхан Сыздықовты қабылдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында қала әкімі спортшылардың жеңістерін тек Шымкент үшін ғана емес, бүкіл ел үшін маңызды жетістік деп атап өтіп, оларды және олардың жаттықтырушыларын шын жүректен құттықтады.

Әкім Ерсұлтан Мұзаппаров пен Әлімхан Сыздықовтың спорттағы жетістіктері тек олардың жеке еңбегі мен қайсарлығының ғана емес, жаттықтырушылардың кәсібилігі мен жүйелі жұмысының нәтижесі екенін алға тартты.

Сонымен қатар спорттың жастар арасында танымалдылығын арттыруда және дені сау ұрпақ тәрбиелеуде мұндай жетістіктердің рөлі зор екенін айтты.

Шымкент әкімі бірқатар спортшыны қабылдады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.