jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Алаш қайраткері Мұхаметжан Тынышбайұлының ұлы өмірден өтті

Дәулет Шейх-Әли-Тынышпаев
Дәулет Шейх-Әли-Тынышпаев. Фото: facebook.com/bakhytzhan.bukharbai

Қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері Мұхаметжан Тынышбайұлының ұлы, техника ғылымдарының докторы Дәулет Шейх-Әли-Тынышпаев өмірден өтті. Қаралы хабарды баспагер әрі қоғам белсендісі Бақытжан Бұқарбай жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Алаштың арысы Мұхаметжан Тынышбайұлының туған ұлы, техника ғылымдарының докторы Дәулет Шейх-Әли-Тынышпаев (1931-2024) екі күн бұрын АҚШ-та дүниеден озды деген суық хабар келді. Атамыздың туысқандарына қайғырып көңіл айтамыз", - деп жазды Бақытжан Бұқарбай Facebook-тегі парақшасында.

Айта кетейік, Уикипедия ашық энциклопедиясы ақпаратынша, Дәулет Мұхамеджанұлы 1931 жылы Алматы қаласында өмірге келген. Ол - ғалым, техника ғылымдарының докторы. 1954 жылы Уфа мұнай институтын бітірген.

1932-35 жылдары әкесі М.Тынышпаевпен бірге Воронеж облысында айдауда болды. Башқұртстан ғылылыми-зерттеу және жобалау институтында жауапты қызметтер атқарды. Шейх-Али басшылығымен Башқұртстанның, Қазақстанның көптеген мұнай-газ өндіретін кәсіпорындары зерттелген. 100-ден аса ғылыми еңбегі жарияланған.

KAZ.NUR.KZ редакциясы Дәулет Шейх-Әли-Тынышпаевтың отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Алаш қайраткері Мұхаметжан Тынышбайұлының ұлы өмірден өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.