jitsu gif

Шымкенттегі аудандардың бірінде биыл шамамен 14 млн теңгеге мурал салынған

Шымкент қаласы
Шымкент қаласы. Фото: gov.kz

Шымкент көшелері күн өткен сайын көркейіп жатыр. Қалада қасбетіне мурал салынған тұрғын үй мен ғимараттардың саны артып келеді. Тұран ауданының өзінде қабырғасына сурет салынған 15-ке жуық арт-нысан бар, деп хабарлайды Ontustiktv.kz.

Телеарна мәліметінше, ауданда бес ғимаратқа көркем өнер туындылары салынған. Олардың бірінде құтқарушылардың өртті сөндіру мен төтенше жағдайлардан адамдарды құтқару сәті көрініс тапқан. Арт-нысан қала орталығында көпшілік назарына түсетін аймақта орналасқан. 

Өнер туындысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастамасымен қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асқан екен. Муралды жергілікті суретшілер Құтқарушылар күні қарсаңында 4 күнде салған көрінеді.

Одан бөлек Тұран ауданы аумағында биылдың өзінде қала ажарын арттыру үшін 5 көпқабатты үйдің қасбеті өнер туындысына айналды. Бұл мекендер көпшіліктің көзайымына айналып, өткен-кеткендердің қызығушылығын тудырып отыр.

"Бюджеттен қаржы бөлініп, "Автобренд" ЖШС анықталды. Жоспар бойынша 5 үй болса, негізінен биыл 7 үйге салынды. Келісімшарт бойынша 13 988 800 теңге бөлінген болатын. Жұмыс толық орындалып, бүгінде қабылданып қойды. Аудан аумағында бұдан бөлек 8 мурал бар", - деді Тұран ауданы әкімдігі аппаратының бөлім инспекторы Бақдәулет Қаблан.

Шымкенттегі аудандардың бірінде биыл шамамен 14 млн теңгеге мурал салынған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.