Top.Mail.Ru

Зектілері

Шымкентте заңнама талаптарын бұзған 22 сот орындаушысы анықталды

Жарияланған күні:

Құжатқа қол қойып отырған ер адам
Құжат толтырып отырған ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

Шымкентте сот орындаушылар заңнама талаптарын бұзған. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.

Мемлекет сот орындаушыларға атқарушылық құжаттарды мәжбүрлі түрде орындауға бағытталған шаралар қабылдауды міндеттейді.

Қолданыстағы заңнамаға сүйене отырып, сот орындаушылар банктік шоттарды, мүлікті, нотариалдық актілерді, лицензияларды тәркілеу сияқты мәжбүрлеу шараларын қабылдауға, сондай-ақ борышкердің Қазақстан Республикасынан кетуіне уақытша шектеу қоюға құқылы. Ал бұл шектеулер заңнамада  көрсетілген жағдайларда ғана алынады.

Осы ретте басылым мәліметінше, Шымкент қаласында тексеру жүргізілген. Нәтижесінде 22 жеке сот орындаушысы 102 борышкерге қатысты шектеулерді заңсыз алып тастағаны анықталған.

Шымкент қаласының прокуратурасы Әділет министрлігіне заңдылықтың бұзылуын жою және жеке сот орындаушылардың қызметіне қатысу лицензиясының күшін жою шараларын қабылдау туралы ұсыну жолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2201136-shymkentte-zangnama-talaptaryn-buzgan-22-sot-oryndaushy-anyqtaldy/