Шымкентте саябақ аумағында өрт шықты (видео)
Жарияланған күні:
Шымкентте саябақ аумағындағы өрт сөндірілді. Оқиға 14 желтоқсан күні болған, деп хабарлайды OTYRAR Telegram-дағы арнасы.
Басылым мәліметінше, 14 желтоқсан сағат 10:37-де "Қиял әлемі" саябағы аумағындағы екі қабатты ғимаратта орналасқан дәмханадан өрт шыққаны туралы ақпарат түскен.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер барып, сағат 10:47-де өртті оқшаулап, 10:55-те сөндірген.
Өрт аумағы 30 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі анықталып жатыр.
Төтенше жағдаймен күресуге ТЖД 21 қызметкері, апатты медицина орталығының 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2201153-shymkentte-saiabaq-aumagynda-ort-shyqty-video/