ЖИ көмегімен жасалған: Балаева өз атынан белгісіз біреулер дауыстық хабарлама жіберіп жатқанын ескертті
Жарияланған күні:
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өз атынан таныстарына дауыстық хабарламалар жіберіліп жатқанын айтып, қазақстандықтарға ескерту жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында кейінгі уақытта белгісіз біреулер өз атынан таныс және бейтаныс адамдарға жасанды интеллект көмегімен дауыстық хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеп кеткенін жеткізді.
"Сіздерден осындай хабарламаларды елемеуді, бейтаныс нөмірлерді бұғаттауды сұраймын.
Бұл – алаяқтардың әрекеті. Алданып қалмаңыздар. Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар", - деп жазды ол.
Айта кетейік, Орал әкімі Мұрат Байменов әлеуметтік желіде белгісіз біреулер өзінің атынан жалған хабарламалар таратып жатқанын мәлімдеген болатын.
Қазақстандықтарға мемлекеттік қызмет істері агенттігі аппарат басшысы Әлібек Ахмедьяровтың атынан алаяқтар хабарламалар жіберіп жатқанын ескерткен еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2201213-zhi-komegimen-zhasalgan-balaeva-onyng-atynan-belgisiz-bireuler-dauystyq-habarlama-zhiberip-zhatqanyn-eskertti/