Зектілері

Таразда "Тәуелсіз Қазақстан" монументі мен Қайрат Рысқұлбеков ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Жарияланған күні:

"Тәуелсіз Қазақстан" монументі мен Қайрат Рысқұлбеков ескерткішіне  гүл шоқтары қойылды
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Таразда "Тәуелсіз Қазақстан" монументі мен Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Бұл туралы Тараз қаласының әкімдігі хабарлады.

Биыл ата-бабамыз сан ғасыр бойы аңсаған арайлы азаттығымызға 33 жыл толды. Еңселі егемендігіміз бізге оңайлықпен келген жоқ. Сондықтан тұғырлы Тәуелсіздікке жету үшін жанын пида еткен батырларымыздың ерлігінен өнеге алып, оларға тағзым ету – баршамыздың қастерлі парызымыз.

"Тәуелсіз Қазақстан" монументі мен Қайрат Рысқұлбеков ескерткішіне  гүл шоқтары қойылды
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Бүгінде байтақ Отанымыз сан түрлі ұлт пен ұлыстың өкілдерін топтастырған береке мен бірліктің мекеніне айналды. Егемендік жылдары Тараз қаласының да көкжиегі кеңейіп, барлық салада ілкімді істер жүзеге асырылып келеді. Көне шаһардың келбеті жыл өткен сайын ашылып, көркіне сән қосатын еңселі нысандар бой көтеруде. Әлбетте, мұның барлығы тұғыры биік тәуелсіздігіміздің жемісі екені даусыз.

"Тәуелсіз Қазақстан" монументі мен Қайрат Рысқұлбеков ескерткішіне  гүл шоқтары қойылды
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

"Тәуелсіз Қазақстан" монументі мен Қайрат Рысқұлбеков ескерткішіне  гүл шоқтары қойылды
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

"Тәуелсіз Қазақстан" монументі мен Қайрат Рысқұлбеков ескерткішіне  гүл шоқтары қойылды
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Тәуелсіздік күніне орай Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков және зиялы қауым, саяси партия, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, облыс және қала ардагерлер мен жастар "Тәуелсіз Қазақстан" монументі мен Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2201250-tarazda-tauelsiz-qazaqstan-monumenti-men-qairat-rysqulbekov-eskertkishine-gul-shoqtary-qoiyldy/