Top.Mail.Ru

Зектілері

Пара беруге итермеледі деп айыпталған Ақтау қалалық сотының төрағасына қатысты тергеу аяқталды

Жарияланған күні:

Папка ұстаған қызметкер
Папка ұстаған қызметкер. Көрнекі фото: pixabay.com

Маңғыстау облысы сотталушыны үкім шығарған кезде жазасын жеңілдету үшін 20 млн теңге көлемінде пара беруге итермеледі деп айыпталған Ақтау қалалық сотының төрағасына қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Антикорға сілтеме жасап хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың, оның ішінде жоғары лауазымды адамдар арасында жолын кесу жөніндегі жұмысты жалғастырып жатыр.

Мәселен, агенттік Маңғыстау облысы Ақтау қалалық сотының төрағасы мен жеке сот орындаушысына қатысты тергеуді аяқтады.

"Олар алаяқтық жасады және сотталушыны үкім шығарған кезде жазасын жеңілдету үшін 20 млн теңге көлемінде пара беруге итермеледі деп айыпталып отыр.

5 желтоқсанда Бас прокуратура айыпталушыларды сотқа берді", - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2201282-zhazasyn-zhengildetu-ushin-20-mln-tengge-koleminde-para-beruge-itermeledi-dep-aiyptalgan-aqtau-qalalyq-sotynyng-toragasyna-qatysty-tergeu-aiaqtaldy/