Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы полициясы "көбірек хаттама толтыру" туралы рациядағы нұсқауға түсініктеме берді

Жарияланған күні:

полиция қызметкері
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы полиция департаменті желіде тараған "көбірек хаттама толтыру" туралы рация арқылы берілген нұсқауға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Тиісті жазбаны журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-дағы арнасында жариялады. Ол өзіне жіберілген видеоны жариялап, оның астында белгілі бір азаматты ұстау кезінде полиция рациясы арқылы тараған ақпарат жайлы хабардар етті.

"Ең қызығы – рация арқылы беріліп жатқан тапсырма. Олар әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы көбірек хаттамалар толтыру керек екенін айтуда. Менің түсінуімше, үкіметтің экономикалық блогы өз жұмысын дұрыс атқара алмай жатқандықтан, полицияға бюджетті толтыру тапсырылды", - деп жазады Козачков.

Осы ретте ол жүргізушілерге көлік жүргізу кезінде абай болып, жол ережесін бұзбау керектігін ескертті.

Бұл ақпаратқа қатысты Алматы қалалық полиция департаменті түсініктеме берді.

"Радиостанция арқылы айтылған ақпаратқа қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз", - деді полиция департаменті өкілдері.

Сонымен қатар департамент "102" пультіне екі азаматтың қоғамдық тәртіпті бұзғаны туралы хабарлама келіп түскенін мәлімдеді. Олар мемлекеттік мекеме күзетшілеріне дөрекілік танытып, олардың жұмысына кедергі келтіріп, көшеде өтіп бара жатқан көліктердің әйнектерін қағып, жүргізушілердің мазасын алған.

"Аталған азаматтарға ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды", - деп қосты департамент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2201295-almaty-politsiiasy-kobirek-hattama-toltyru-turaly-ratsiiadagy-nusqauga-tusinikteme-berdi/