jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте есірткі заттарын сатумен айналысқан топ анықталды

Есірткі
Есірткі. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкент прокуратурасының үйлестіруімен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу барысында "мефедрон" және "марихуана" есірткі заттарын сатумен айналысқан адамдар тобын анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шымкент қалалық прокуратурасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент прокуратурасының мәліметінше, қалада 12 тінту іс-шарасы жүргізіліп, нәтижесінде заңсыз айналымнан 10,84 грамм "мефедрон", 31,14 грамм "кептірілген марихуана", салмағы 5 кг 46 түп "қарасора" және 3 мың АҚШ доллары сомасында ақшалай қаражат тәркіленген.

"Адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз өңдеу, сатып алу, сақтау және өткізу мақсатында дайындау фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 1-бөлігі және 3-бөліктері бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Шымкент қаласының прокуратурасы азаматтарды мұндай фактілер анықталған жағдайда бейжай қарамауға және дереу 102 нөміріне хабарласуға шақырды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды.

Шымкентте есірткі заттарын сатумен айналысқан топ анықталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.