Ақтөбеліктер жөндеу жұмыстарынан кейін қалған шұңқырға шағымданды
Жарияланған күні:
Читать на русскомАқтөбе тұрғындары Жанқожа батыр мен Некрасов көшелерінің қиылысындағы шұңқырға шағымданды. Тұрғындардың сөзінше, көлік жүргізушілері қарсы жолаққа шығып кетуге мәжбүр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Instagram-дағы Zello Aktobe паблигінде азаматтар жол мәселесіне байланысты шағымданды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жылу трассасын жөндеу кезінде қазылған шұңқыр сол күйінше қалған.
"Жанқожа батыр мен Некрасов көшелерінің қиылысында жылу трассасын жөндеу үшін шұңқыр қазылған. Әлі солай тұр. Жауапты органдар бақылауға алуды сұраймын.
Тез арада асфальт төсеу қажет, өйткені көліктер қарсы жолаққа шығуға мәжбүр", - деп жазған басылым авторы.
"Ақтөбе су" серіктестігінің өкілдері шағымға жауап беріп, жақын арада мамандар бұл жерде тексеру жүргізетінін хабарлады.
"Өтініші ескерілді, жақын арада біздің мамандар аталған аумақта тексеру жүргізеді.
Естеріңізге сала кетейік, апаттық-диспетчерлік қызмет 740-444 нөміріне тәулік бойы осындай мәселелер бойынша қоңырау қабылдайды", - деді компания өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2201339-aqtobelikter-zhondeu-zhumystarynan-keiin-qalgan-shungqyrga-shagymdandy/