Top.Mail.Ru

Зектілері

Жетісу облысында жолда қалған 41 адам құтқарылды (видео)

Жарияланған күні:

Боран
Боран. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Бүгін Үшарал-Достық автожолының Ырғайты учаскесінде ауа райының нашарлауы мен қалың қардың салдарынан 30 жүк және 1 жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойған. ТЖМ қызметкерлерінің көмегімен 41 адам құтқарылды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ТЖМ-ның Telegram-дағы ресми арнасындағы ақпаратқа сәйкес, құтқарушылар Вахтовка және жолталғамайтың Трэкол автокөлігімен Көктума ауылына 41 адамды жеткізген. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Құтқарылғандардың арасында Беларусь Республикасының, ҚХР-ның, Әзірбайжан Республикасының және РФ-ның 28 шетел азаматтары бар.

"Төтенше жағдайлар министрлігі қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді. Дауылды ескертулерге назар аударыңыз және ауа-райы нашарлаған жағдайда үйде болыңыз", - делінген ресми хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2201418-zhetisu-oblysynda-zholda-qalgan-41-adam-qutqaryldy-video/