Шымкентте мүгедектік топтарына келісім бергені үшін пара алған күдіктілер анықталды
Жарияланған күні:
Шымкентте мүгедектік топтарына келісім бергені үшін пара алған күдіктілер анықталды. Бұл туралы қалалық прокуратураның ресми сайты хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің қалалық департаменті бөлім басшысының міндетін атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.
Ол ерекше қажеттілігі бар балалардың ата-анасынан мүгедектік топтарын белгілеу үшін жалпы сомасы 850 мың теңге пара алды деп айыпталуда.
Пара ретінде берілген ақша қаражаты қалалық емханалардың бірінде жұмыс істейтін медбикенің көмектесуі арқылы алынған.
Қазіргі уақытта қала прокуратурасы айыпталушыларды сотқа берді.
Айта кетейік, Конституцияның 77-бабы 3-бөлігінің 1-тармағына сәйкес сот үкімі заңды күшіне енгенше ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2201630-shymkentte-mugedektik-toptaryna-kelisim-bergeni-ushin-para-algan-kudiktiler-anyqtaldy/