Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізуші бес жылға бас бостандығынан айырылды

Жарияланған күні:

Заңсыз автотұрақ ұйымдастырған жігітке айыппұл салынды
Көлік. Көрнекі фото: Pixabay.com

Шымкентте жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізуші бес жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.

Сот мәліметінше, Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі (жол жүріс қағидаларын бұзып, абайсызда екі адамның өліміне әкеп соққан) бойынша айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралған.

"Ол 2024 жылдың шілде айында Toyota Camry маркалы көлігімен бағдаршамның жасыл түсіне тура бағытта басты жолмен, яғни Арғынбеков көшесімен Жібек жолы көшесі бағытынан, Шаяхметов көшесі бағытына қарай қозғалып келе жатқан KIA K5 маркалы автокөлігін өткізіп жіберместен, онымен соқтығысып, абайсызда екі адамның өліміне, бір адамның денсаулығына ауыр, екі адамның денсаулығына орташа зиян келтіруге әкеп соққан жол-көлік оқиғасын жасаған", - делінген сот хабарламасында.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан KIA K5 автокөлігінің жолаушылары, кәмелетке толмаған 2006, 2009 жылғы жәбірленушілер алған дене жарақаттарынан қайтыс болған. Ал 2008 жылғы жәбірленушінің денсаулығына орта, Toyota Camry маркалы көлігі жолаушысының денсаулығына ауыр дәрежелі зиян келген.

Прокурор сотталушыға көлік құралдарын жүргізу құқығынан және бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушілер прокурордың осы ұстанымымен келісе отырып, материалдық және моральдық залал өндіруді өтінді. Сотталушы кінәсін толық мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

"Сот Н.-ны Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған көлік құралдарын жүргізу құқығынан 7 жыл мерзімге айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Талап-арыз ішінара қанағаттандырылып, жәбірленушілердің пайдасына 10 млн теңге өндірілді. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде өтеуге деп белгіледі. Үкім заңды күшіне енбеген", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2201666-shymkentte-zhol-kolik-oqigasyna-kinali-zhurgizushi-10-mln-tengge-aiyppul-toledi/