Top.Mail.Ru

Зектілері

Экономика министрі Түркістанда ішімдік сатуға тыйым салу туралы ұсынысқа пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Шарап бөтелкесі
Шарап бөтелкесі. Көрнекі фото: pixabay.com

Мәжіліс кулуарында ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Түркістанда ішімдік ішу және сатуға тыйым салу туралы депутаттар ұсынысына пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Журналистер Түркістанда ішімдікке тыйым салу ұсынысына бизнес қалай қарайтынын сұрады.

"Мен кез келген шектеулерге мұқият қарау керек деп есептеймін. Онда киелі орындар, кесенелер және т.б. бары белгілі. Бірақ қала үлкен, сондықтан бұл жерде мәселе барлық жерде толық тыйым салу туралы емес деп ойлаймын. Адамдар көп баратын жерлерде тыйым салуға болатын шығар", - деді Нұрлан Байбазаров.

Ол тұрғындардың қалауын ескеру қажет екенін айтты.

"Бұл тыйымдар адам көп баратын және киелі орындар орналасқан жерлерге қатысты болады. Дегенмен, жалпы қалада басқа аумақтар болса, онда адамдардың қалауы ескерілуі керек Туристер, әсіресе, шетелдіктер келсе, олар да үйреніп қалғандай демалуы керек. Рұқсат етілетін орындар белгіленеді деп ойлаймын", - деп қосты ол.

Айта кетейік, мәжілісте Түркістан қаласына ерекше мәртебе беретін заң жобасы талқыланды. Сол кезде депутат Ардақ Назаров заң аясында қалада азаматтарға арақ ішу, сатуды тыйым салу туралы ұсыныс айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2201838-ekonomika-ministri-turkistanda-ishimdik-satuga-tyiym-salu-turaly-usynysqa-pikir-bildirdi/