Қазақстанда әр азаматтың генетикалық паспорты болады

Опубликовано:

Әлем ғылымы оны қазірдің өзінде медициналық балгер деп атауда.  Мұндай құжаттың арқасында көптеген аурудың алдын алуға болады деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Генетикалық паспортты жасау үшін аданың қаны немесе түкірігі қажет. Бірнеше күн ішінде биотехнологтар ДНҚ-ны оқып, нәтижесін шығарады. Осы қорытындыға қарап дәрігер адам шалдығуы мүмкін ауруларды анықтайды.

Қазақстандағы алғашқы генетикалық паспорттың авторы - Ұлттық биотхнологиялар орталығының директоры Ерлан Раманқұлов. Бұл - адам ағзасының нағыз әліпбиі, дейді ғалым. Паспорт адамның 70-тен астам аса қауіпті, нашақорлық, онкология, гемофилия немесе психикалық дерттер сынды ауруларға шалдығуының мүмкіндігін болжай алады.

Сондай-ақ  генетикалық паспорт ұрпақ әкелерде өзінің септігін тигізбек. Ол болашақ баланың тұқым қуалайтын ауруларын анықтай алады. Қазір Денсаулық сақтау министрлігінде ғылыми зерттеулердің аяқталуын күтуде. Генетикалық төлқұжат өзінің тиімділігін көрсетсе, ведомство жобаны қаржыландыруға дайын. 

Жоба қолға алынса, бірнеше жылдан кейін әрбір қазақстандық азамат генетикалық паспортына қол жеткізе алады. Мамандар, оның бағасы 100 доллар шамасында тұрады дейді. Бірақ  мұндай денсаулық құжаты кең таралып жатса, бағасы бұдан 3 есеге дейін төмендемек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/220185-kazakstanda-er-azamattyn-genetikalyk-pasporty-bolady/