Top.Mail.Ru

Зектілері

"ҚазАвтоЖол" өкілі лентасы қиылған Атырау-Астрахань тасжолы неге толық аяқталмағанын түсіндірді

Жарияланған күні:

Тасжол
Тасжол. Көрнекі фото: pixabay.com

"Атырау-Астрахань" тасжолы пайдалануға берілгенімен, халық әлі де ондаған шақырымдай кедір-бұдыр жолмен қатынауға мәжбүр екенін айтады. Бұл жағдайға брифинг кезінде "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Халық "Астрахань-Атырау" тасжолы салтанатты түрде ашылғанымен, Атырау қаласы маңы әлі де жөнделмегеніне, бұл жүргізушілерге қолайсыздық тудырып тұрғанына шағымданды.

"Әлі де күрек тимеген жерлері бар", - деп шағымдануда атыраулықтар.

Портал тілшісі "Атырау-Астрахань" тасжолына қатысты мәселенің анық-қанығын "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашевтан сұрап білді. Оның айтуынша, республикалық маңызы бар автомобиль жолы толықтай пайдалануға берілді. Атырау қаласынан шыға берістегі жөнделмеген 5 км аумақ қазір әкімдік меншігінде.

"Атырау қаласының маңындағы учаске бұрын республикалық маңызы бар жолдардың қатарында болды. Кейін біз оны әкімдікке тапсырдық. Қазіргі кезде жергілікті әкімдік құжаттарды дайындап, келесі жылға құрылыс мәселесін жоспарлап жатыр", - деп жауап берді Дархан Иманашев.

Сондай-ақ спикер "Атырау-Астрахань" тасжолы ақылы болатынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2201942-ali-de-kurek-timegen-zherleri-bar-qazavtozhol-okili-lentasy-qiylgan-atyrau-astrahan-taszholy-nege-tolyq-aiaqtalmaganyn-tusindirdi/