Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 64 млн теңге жымқырған мектеп есепшісі 8 жылға сотталды

Жарияланған күні:

Қаржы-қаражат есептеу
Қаржы-қаражат есептеу. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шымкентте 64 млн теңге жымқырған мектеп есепшісі 8 жылға сотталды. Бұл туралы Kazinform хабарлайды.

Шымкентте энергетика саласындағы лауазымды тұлғалар мен "Қуатжылуорталық-3" КМК басшыларына қатысты сот үкімі шықты. Күдіктілер қаладағы жылу желілері мен электр беру желілеріне жөндеу жүргізуге бөлінген 1,1 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған. Яғни құжаттың сметалық құнын арттырып, нақты орындалмаған жұмыстар үшін ақы төлеген.

"Лауазымды адамдар ұрланған қаражатты жылыстату үшін "қолма-қол ақша жасаушылар" тобын тартқан. Олар 7 пайыз мөлшерінде ақшалай сыйақы үшін бөгде тұлғаларға ресімделген 24 күмәнді кәсіпорын арқылы тауарларды жеткізу және қызмет көрсету жөніндегі мәмілелер туралы жалған құжаттар ұсынған.

Параллельді қаржылық тергеу шеңберінде қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған жылжымайтын мүліктер анықталды. Атап айтқанда, Шымкент және Астана қалаларындағы 2 пәтер, 1 тұрақ орны, Шымкент қаласындағы 3 жеке үй және банк шоттарындағы 50 млн теңге тәркіленді", - деді Дәурен Тұрғынбай.

Сот үкімімен барлық жеті айыпталушы 2 жылдан 7,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Оның ішінде энергетика басқармасының лауазымды тұлғалары, коммуналдық кәсіпорын басшылары және жеткізуші мекемелердің басшылары бар.

Сондай-ақ білім саласында да бірнеше қылмыстық іс тіркеліп, заңды процессуалды шешімдер қабылданған. Оның ішінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті де бар. Мұнда да бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Ал қалалық білім басқармасына қарасты орта мектептің бас есепшісіне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Атап айтқанда, ол мектеп директорының электронді кілтін иеленіп, заңсыз іс-әрекеттерді іске асырған. Қазынашылық жүйесіне қосымша жалған ақпараттар енгізіп, өзінің және таныстарының есептік шоттарына бюджет қаражаттарын аударып отырған. Жалпы заңсыз аударылған сомма – 64 млн теңге.

"Сот үкімімен бас есепші Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылған және оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал мектеп директоры электронды кілтін бергеніне қатысты тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді Дәурен Тұрғынбай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2201975-shymkentte-64-mln-tengge-zhymqyrgan-mektep-esepshisi-8-zhylga-sottaldy/