Шымкентте кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар 34,2 пайызға өскен
Жарияланған күні:
Шымкентте кәмелет жасқа толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар 152-ден 204-ке өсіп отыр. Бұл туралы қалалық прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасы бастығы Бақытжан Байғозиев мәлімдеді, деп жазады Kazinform.
Басылым мәліметінше, жыл басынан бері мобильдік топтар 500-ден астам түнгі рейдтер жүргізген. Нәтижесінде 5 мыңнан астам кәмелетке толмаған жас анықталып, олардың ата-аналары әкімшілік жазаға тартылды. Ал, 600-ден астам бала бейімдеу орталығына орналастырылды.
"Биыл 11 айда кәмелет жасқа толмағандар жасаған қылмыстар 2,7 пайызға төмендеген. Дегенмен кәмелет жасқа толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар 34,2 пайызға өсіп отыр. Бұл ұрып-соғу, ұрлық, жол жүрісі қағидаларын бұзуы қылмыстарын жасау фактілерінің өсуімен тікелей байланысты.
Кәмелет жасқа толмағандар және оларға қарсы жасалған қылмыстық құқықбұзушылықтың алдын алу профилактикасы бойынша қала прокурорының өкімімен 71 мобильдік топ құрылды. Олар тұрақты түрде апта сайын түнгі рейдтік іс-шараларды жүргізуде", - деді Бақытжан Байғозиев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2201979-shymkentte-kameletke-tolmagandarga-qarsy-zhasalgan-qylmystar-34-2-paiyzga-osken/