Top.Mail.Ru

Зектілері

"2,5 мың ойыншық ілінген": Астананың бас шыршасы қалай безендірілді (фото)

Жарияланған күні:

Астанадағы бас шырша
Фото: Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі

18 желтоқсанда Астанада бас шырша шамы жағылды. KAZ.NUR.KZ тілшісі қала тұрғындарына ерекше атмосфера сыйлаған іс-шараға барып, шыршаның жарқыраған сәтін түсіріп қайтты.

Бас шырша Астана Арена стадионының алдына қойылды. Оның жағылған сәтін тамашалауға көп адам келгені байқалады. Алаң халыққа толды. Нұра айданында орналасқан Астананың бас шыршасы 25 метрге дейін жетеді.

Астанадағы бас шырша
Фото: KAZ.NUR.KZ/Ләззат Салимова

Астана Арена алдындағы сахна
Фото: Астана қаласының баспасөз қызметі

"Биыл шыршаны 2,5 мың ойыншықпен, 11,500 метр гирляндалармен, 300 строб шамдарымен безендірдік. Бұл елорданың ең үлкен шыршасы. Одан бөлек бұл жерде 2 мұз айдынын, 40 метрлік үлкен сырғанақ және балалар сырғанағын жабдықтадық. Сондай-ақ Аяз атаның үйі, сауда павильондары бар. Бұл орын сол жағалау мен оң жағалау тұрғындарының келіне ыңғайлы"- дейді Нұра ауданы әкімінің орынбасары Әлия Әбсеметова.

Шырша жағуға жиналған халық
Фото: KAZ.NUR.KZ/Ләззат Салимова

Сахнадағы Аяз ата
Фото: Астана қаласының баспасөз қызметі

Мерекелік кеште Ринат Малцагов, AYREE және Қайрат Баекенов секілді қазақ эстардасының әншілері халықтың көңілін көтерді

Әнші Айри
Фото: KAZ.NUR.KZ/Ләззат Салимова

Қайрат Баекенов
Фото: KAZ.NUR.KZ/Ләззат Салимова

Қуыршақтар
Фото: KAZ.NUR.KZ/Ләззат Салимова

Сырғанау алаңы
Фото: KAZ.NUR.KZ/Ләззат Салимова

Жаңа Жылдық павильон
Фото: KAZ.NUR.KZ/Ләззат Салимова

Астана Арена алдындағы мұздан сырғанақ
Фото: KAZ.NUR.KZ/Ләззат Салимова

Биыл Нұра ауданынын жаңажылдық безендіруге 79 миллион теңге бөлінген.

Астана Арена алаңы
Фото: Астана қаласының баспасөз қызметі

Бұл күні бас шыршамен бірге қалада 30 шырша шамы жағылды. Олар қаланың орталығында және әр ауданында да орналасқан.

Астана Арена алаңы
Фото: KAZ.NUR.KZ/Ләззат Салимова

Айта кетейік, биыл Астана көшелерін Жаңа жылдық безендіруге қала әкімдігі 696,7 млн теңге бөлді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2202014-2-5-myng-oiynshyq-ilingen-astananyng-bas-shyrshasy-qalai-bezendirildi-foto/