jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте контрафактілік өнімдерге күрес нәтижесінде 25,8 млн теңге өндірілген

Шымкенттегі брифинг
Шымкенттегі брифинг. Фото: instagram.com/ rsk_shymkent

Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2024 жылы бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау және көлеңкелі экономикамен күрес аясында бірқатар маңызды жұмыстар атқарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент қалалық ӨКҚ Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, 2024 жылы департамент "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының Шымкент филиалымен меморандумға қол қойып, жылдық жұмыс жоспарын бекітті.

Осы жоспарға сәйкес, кәсіпкерлермен бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, үш дөңгелек үстел өткізілді, оның ішінде екі отырыс мұнай өнімдері мен газ мәселесіне, біреуі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне арналды. Одан бөлек кәсіпкерлердің сұрақтары мен құқықтарын қорғауға бағытталған 9 жиналыс өтті.

Департаменттің кәсіпкерлер құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстары бірнеше маңызды нәтижелер берді. Кәсіпкерлерден үш алғыс хат келіп түсті, оның ішінде:

  • Электр қуаты тарифінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өндірушілері үшін 41 теңгеден 31 теңгеге төмендетілуіне қол жеткізілді.
  • Балалар памперсін өндіруші компаниядан заңсыз тауарлар өндірісінің анықталып, қылмыстық істің сотқа жолданғаны үшін алғыс хат келді.
  • Контрафактілік тұрмыстық химия өнімдерін жасаушыларды әшкерелеу арқылы 25,8 млн теңге өндіріліп, осы жұмыстың нәтижесінде Департаментке алғыс хат түсті.

Бұл жұмыстар кәсіпкерлер құқығын қорғауға бағытталған тиімді әрекеттер мен қаладағы экономикалық тұрақтылықты сақтаудағы департаменттің белсенділігін көрсетіп отыр.

Шымкентте контрафактілік өнімдерге күрес нәтижесінде 25,8 млн теңге өндірілген

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.