Top.Mail.Ru

Зектілері

"Айыппұл салынады": Алматы полицейлері тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген азаматтарға ескерту жасады

Жарияланған күні:

Полицей
Тәртіп сақшысы. Көрнекі фото: Polisia.kz

Алматы полицейлері тұрғындардың тұрғылықты жерінде тіркелуі міндетті екенін еске салды. Сондай-ақ олар тіркеусіз тұрған азаматтарға айыппұл салынатынын ескертті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қалалық полиция өкілдері азаматтардың тұрғылықты жері бойынша міндетті түрде тіркелуі керек екенін еске салып өтті.

"Тұрғылықты жері бойынша 10 тәуліктен бір айға дейінгі мерзімге тіркеусіз тұру және уақытша болғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 492-бабының талаптарына сәйкес ескерту жасалады. Ал бір айдан астам тіркеусіз тұрғандарға 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады", - деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жанна Жақыпбаева.

Полицейлер уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу жазбаша немесе электронды нысанда көрсетілген, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған тұрғын үй иесінің келісімімен іске асырылатынын ескертті.

Еске салайық. Астанада полицейлер 400-ден астам адам тіркелген пәтерді анықтады. Азаматтарды тіркеген пәтерлердің иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2202140-aiyppul-salynady-almaty-politseileri-turgylyqty-zheri-boiynsha-tirkelmegen-azamattarga-eskertu-zhasady/