jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте балабақша құрылтайшыларына қатысты сот үкімі шықты

Балабақшадағы бала
Балабақша. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың тіркелгенi туралы жалған мәліметтер енгізілгенін анықтады. Бұл туралы қалалық прокуратураның ресми сайты хабарлайды.

Шымкент прокуратурасының мәліметінше, талдау барысында мемлекет бюджетінен бөлінген 8 млн теңгеден астам сома қаражатын заңсыз пайдалану фактілері анықталған.

Атап айтқанда, "Т" және "Б" жекеменшік мекемелер Білім басқармасына балабақшаға бармаған балалардың білім алып жатқаны туралы жалған мәліметтер ұсынып, мемлекет қаражатын өз бетінше пайдаланған.

Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотының үкімімен балабақша құрылтайшылары алаяқтық жасағаны үшін әртүрлі жазаға тартылып, мемлекетке келтірілген залалды толығымен қайтарды.

Шымкентте балабақша құрылтайшыларына қатысты сот үкімі шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.