Алматылық жүргізушілерге 2 ай бұрын салынған айыппұлдар келіп жатыр: полицейлер мән-жайды түсіндірді
Жарияланған күні:
Читать на русскомАлматы полиция департаменті өкілдері жүргізушілерге неліктен екі ай бұрын салынған айыппұл келіп жатқанын және мұндай жағдайда не істеу керек екенін түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс нормаларына сәйкес әкiмшiлiк жауапқа тартудың ескіру мерзімі ретінде құқықбұзушылық жасалған күннен бастап екi ай өткеннен кейінгі уақыт саналады.
"Егер айыппұл салынғаны жөнінде тиісті түрде хабарланса, екі ай ішінде келіп түскен төлем туралы ұйғарым міндетті түрде орындалуға тиіс.
Егер азаматтарға автоматты камералар тіркеген айыппұлдар туралы хабарламалар көрсетілген мерзім өткеннен кейін келсе, олар Алматы полиция департаментіне ұйғарымға шағым түсіре алады", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.
Жыл басынан бері автоматты тіркеу жүйелері Алматы көшелерінде 3,8 млн жол ережесін бұзу фактісін анықтаған.
Айта кетейік, желтоқсан айының басында жол қозғалысының жаңа ережелері күшіне енді. Жүргізушілерге қандай жағдайда жауапкершілік күшейетінін Алматы полициясы өкілдері түсіндірген еді.
Алматыда полицейлер 7 миллион теңгеге жуық айыппұл арқалаған 19 жастағы жүргізушіні ұстағанын жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2202261-almatylyq-zhurgizushilerge-2-ai-buryn-salyngan-aiyppuldar-kelip-zhatyr-politseiler-man-zhaidy-tusindirdi/