Top.Mail.Ru

Зектілері

Жетісу облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды ақпараттық науқан өтті

Жарияланған күні:

МОО Жетісу жастары ұйымының Конгресі
Фото: МОО Жетісу жастары ұйымының Конгресі

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің дамуына, қоғамның әл-ауқатына үлкен зиян келтіретін күрделі әлеуметтік мәселе. Ол азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін әлсіретіп, экономикалық шығындар мен саяси тұрақсыздыққа алып келеді. Сондықтан бұл мәселеге қарсы жүйелі әрі кешенді шаралар қажет. Бұл туралы Жетісу жастары ұйымының Конгресі хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі. Бұл бағытта құқықтық сауаттылықты арттыру, мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету, білім беру жүйесінде адалдық қағидаларын тәрбиелеу, цифрлық технологияларды енгізу және қоғамдық бақылауды күшейту басты рөл атқарады.

МОО Жетісу жастары ұйымының Конгресі
Фото: МОО Жетісу жастары ұйымының Конгресі

Қазақстанда 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы жүзеге асырылуда. Оның мақсаты – қоғамда адалдық пен әділдік құндылықтарын нығайту арқылы жемқорлықты жою. Әрбір азаматтың белсенділігі мен заңға бағынуы – бұл күрестің табыстылығының кепілі. Тек бірлескен күш-жігер арқылы біз сыбайлас жемқорлықтан азат, әділетті қоғам құра аламыз.

МОО Жетісу жастары ұйымының Конгресі
Фото: МОО Жетісу жастары ұйымының Конгресі

Осыған сәйкес, биылғы жылы Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықты алдын алуға бағытталған кеңінен ақпараттық науқан жүргізілді.

МОО Жетісу жастары ұйымының Конгресі
Фото: МОО Жетісу жастары ұйымының Конгресі

Науқан аясында облыстың 8 ауданы мен 2 қаласында халық көп шоғырланған орындарда ақпараттық үгіт-насихат жұмыстары, құқықтық кеңес беру, арнайы әзірленген 2 000-нан ақпараттық брошюралар тарату және 113 ауылдық округ пен 6 қалада 150 дана билбордтар орналастырылды.

МОО Жетісу жастары ұйымының Конгресі
Фото: МОО Жетісу жастары ұйымының Конгресі

Сонымен қатар өңірде 2024 жылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мәдениетті көтеру мақсатында оқушылар, волонтерлер, жастар, мемлекеттік қызметшілер, ҮЕҰ, БАҚ және бизнес өкілдерінің қатысуымен 5 ірі жоба іске асырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2202336-zhetisu-oblysynda-sybailas-zhemqorlyqqa-qarsy-auqymdy-aqparattyq-nauqan-otti/