Top.Mail.Ru

Зектілері

"55 млн теңге өндіру міндеттелді": Ақтөбеде 8 адамның өліміне әкелген жол апаты бойынша жүргізушіге үкім шықты

Жарияланған күні:

Сот залынан
Сот залынан. Фото: NUR.KZ тілшісі

Ақтөбе соты 37 жастағы жүргізушіні 5 жыл бас бостандығынан және 7 жыл көлік жүргізу құқығын айырды. Оған жәбірленушілердің отбасына жалпы көлемі 55 млн теңге молардық-материальдық шығын төлеу міндеттелді. 8 адамның өліміне әкелген жол көлік оқиғасында айыпты деп танылған жүк көлігінің жүргізушісі сот үкіміне үнсіз келісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбедегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 8 адам мерт болған жол апатына айыпты деп танылған жүргізушіге үкім оқылды. 

Айыпталушы 37 жаста, Беларусь елінің тумасы, отбасылы, бұрын сотталмағаны белгілі болды. 

"Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлімімен іс сотқа түсті. Сергей Соловьев айыпты деп танылып, 7 жыл көлік жүргізу құқығынан және 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтесін",- деді судья. 

Айыпталушы С. өз кінәсін толық мойындады. Сот сонымен қатар жәбірленуші К.-ның азаматтық арызын ішінара қанағаттандырды. Сотталушы С-дан 239 мың теңгеден астам материалдық, 7 млн теңге моральдық шығын, жәбірленуші С.-ның пайдасына 7 млн теңге моральдық шығын, А.-ның пайдасына 7 млн теңге моральдық шығын,  Б.-ның пайдасына 7 млн теңге, бір үйден үш адам мерт болған А.-ның пайдасына- 20 млн теңге, Б.-ның отбасына 7 млн теңге моральдық шығын өндіру туралы үкім шығарды. 

Естеріңізге салайық, қайғылы оқиға 7 тамызда "Самара – Шымкент" тасжолының 862 шақырымында болды. Қаза болған 8 адамның бесеуі мектеп оқушысы. Балалар ресми емес, жеке қайырымдылық шарасы аясында өтетін футбол жарысына қатысу үшін шыққан. 

Автор: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2202356-55-mln-tengge-ondiru-mindetteldi-aqtobede-8-adamnyng-olimine-akelgen-zhol-apaty-boiynsha-zhurgizushige-ukim-shyqty/