jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Ляззат Салимова
Ляззат Салимова
Бұрынғы қызметкер

Атырауда базарда кісі қолынан қаза тапқан кәсіпкер өліміне қатысты сот үкімі шықты

сот
Сот. Көрнекі фото: jasqazaq.kz

Бүгін, 19 желтоқсанда Атырау қалалық №2 соты "Дина" базары алдында кісі қолынан қаза тапқан Амандық Сағынғалиевтың ісіне қатысты үкім шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Сот ақпаратынша, судья Зауре Казакбай үкімді жариялады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі бойынша (қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтыру) айыпталған Мұхтар Ахмедов 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Ағымдағы жылдың жазында қаладағы базарлардың бірінің аумағында жәбірленуші өз жүк көлігін басқара отырып, абайсызда жанында тұрған жеңіл автокөлікті зақымдаған. Сотталушы, жеңіл автокөліктің иесі, бұл жағдайға ашуланып, жәбірленушіге шабуыл жасап, әдейі бірнеше рет басына жұдырықпен соққы жасаған. Алынған жарақаттардан жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болды.

Прокурор сотталушыға 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушының кінәсі дәлелденді. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп жауап берді Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осыған дейін Қызылқоға ауданы Қарабау ауылының бір топ тұрғыны президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, премьер-министр Олжас Бектеновке желі арқылы бейнеүндеу жолдады.

Марқұмның туыстары және ауылдастары дүкеніне азық-түлік алуға келген кәсіпкер Амандық Сағынғалиевты жұдырықтың астына алды деген күдікті жеңіл жазамен құтылып кете ме деп алаңдаушылық білдірген болатын.

Атырауда базарда кісі қолынан қаза тапқан кәсіпкер өліміне қатысты сот үкімі шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.