Ұлттық қауіпсіздік комитеті сот төрағасын парамен ұстады
Жарияланған күні:
Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы парамен ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жоғарғы сотқа сілтеме жасап хабарлайды.
Жоғарғы соттың ресми Telegram-дағы арнасында хабарланғандай, бүгін, 2024 жылғы 19 желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Қазақстан Республикасы сот әкімшілігінің ішкі қауіпсіздік департаментінің бірлескен іс-шарасының нәтижесінде Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Б. соттың мүдделі тұлғаның пайдасына оң шешім шығаруы үшін 15 мың АҚШ доллары көлемінде ірі көлемде пара алған жерінде ұсталды.
Жоғарғы соттың ресми сайтындағы көрсетілген ақпаратқа сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы қызметін Бекбол Баймаханов атқарады.
Ол 1979 жылғы 27 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Киров ауданы Мақталы совхозында дүниеге келген.
2000 жылы "заңтану" мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.
2001 жылдың наурызынан 2005 жылдың желтоқсанына дейін – Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарында қызметте болған.
2005 жылдың желтоқсанынан 2007 жылдың маусымына дейін – Қазақстан Республикасы жоғарғы мотының жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитетінің бас маманы, жетекші маманы.
2007 жылдың маусымынан 2009 жылдың маусымынан дейін – Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің заң департаментінің бас сарапшысы.
2009 жылдың маусымынан 2011 жылдың наурызынан дейін- Қазақстан Республикасы жоғарғы соты аппаратының құжат айналымы және бақылау бөлімінің бас кеңесшісі.
2011 жылдың наурызынан 2015 жылдың тамызына дейін – Астана қалалық сотының бас маманы, бас маман – сот отырысының хатшысы, құжат айналымы және бақылау бөлімінің басшысы, персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің басшысы, кеңсе меңгерушісі, талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы.
2015 жылдың қыркүйегінен 2016 жылдың маусымына дейін – "Топ-Тур" ЖШС заңгер.
2016 жылдың тамызынан 2022 жылдың ақпанына дейін – Павлодар облысының Ақсу қалалық сотының судьясы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы №799 Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы болып тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2202458-ulttyq-qauipsizdik-komiteti-sot-toragasyn-paramen-ustady/