jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ДМ
Динар Мұрат
Бұрынғы қызметкер

Полицейлер SIM-карталарды жаппай іске қосу орнында арнайы операция жүргізді (видео)

Жетісу облысында ұсталған қылмыстық топ
Қылмыстық топ. Видеодан кадр: polisia.kz

Жетісу облысында интернет-алаяқтық үшін пайдаланылатын SIM-карталарды заңсыз іске қосумен айналысқан топ анықталып, екі күдікті ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Жетісу облысы мен Астана қаласы полиция департаменттерінің қызметкерлері Ішкі істер министрлігі киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің үйлестіруімен операцияны сәтті жүзеге асырды.

Тергеу барысында интернет-алаяқтыққа қолданылған көптеген SIM-карталардың тіркелген орны анықталды. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде Жетісу облысының 24 және 25 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Күдіктілердің бірі Жамбыл ауылында, екіншісі Қаратал ауданының Достық ауылында тұрған.

"Қылмыс келесі схема бойынша жүзеге асырылған: қаскөйлер өздерінің жеке деректерін пайдаланып, қосымша арқылы абоненттік нөмірлерді тіркеген, содан кейін басқа қосымшалардың көмегімен нөмірлерді іске қосып, оларды Telegram-арналар арқылы 500-ден 1500 теңгеге дейінгі бағамен сатқан. Күніне 100-ге дейін sim-карталар тіркеген", - делінген хабарламада.

Тінту барысында ұсталғандардан 17 ұялы телефон, екі ноутбук, бір модем және 1000-ға жуық sim-карта тәркіленді.

Қазір ұсталғандардың басқа алаяқтық топтармен байланысы тексеріліп жатыр. Тергеу шаралары жалғасуда.

Полицейлер SIM-карталарды жаппай іске қосу орнында арнайы операция жүргізді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.