Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 51 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр

Жарияланған күні:

Тұрғын үй нарығы
Жылжымайтын мүлік. Көрнекі сурет: pixabay.com

Биыл Шымкентте мемлекеттік бағдарламалар аясында 1000 азаматқа сатып алу құқығынсыз арендалық пәтер беру жоспарланған. Бірақ бүгінде тек 414 баспана пайдалануға берілді. Ал қалада 51 360 азамат үй кезегінде тұр, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Шымкент қаласында тұрғын үйлерді жекешелендіру E-Qazyna веб-порталы арқылы электронды форматта жүзеге асырылады. Жыл басынан бері 235 өтінім түсіп, оның ішінде 188 пәтер сатып алу негізінде жекешелендірілген. Нәтижесінде бюджетке 585,3 млн теңге түскен. Ал 37 пәтер өтеусіз жекешелендірілсе, 15 өтініштен бас тартылған.

"4 желтоқсаннан бастап жекешелендіру мәселесі өз шешімін тапты. 2019 жылдан бастап кезекпен сатып алу құқығынсыз пәтер алған азаматтар 4 желтоқсаннан бастап сол пәтерлерді меншігіне жекешелендіру құқығына ие болды. Биыл 188 пәтер жекешелендірілді", - деді Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Азат Исламов.

Сондай-ақ 519 азаматқа 461,9 млн теңгеге тұрғын үй сертификаты берілді. Оның басым бөлігі 1 және 2-топ мүгедектігі бар азаматтар мен көпбалалы отбасылар және мүгедектігі бар бала асыраушы жанұялар. Ал коммуналдық тұрғын үй қорына жататын 5 көпқабатты тұрғын үйдің 6 жеделсатысы ауыстырылды.

"Тұрғын үйді жаңғырту" бағдарламасы бар. Ол үшін азаматтардың 2/3 келісімімен бекітуге тиіс. Егер лифтті пайдалану мерзімі 25 жылдан асатын болса, ол лифт тозығы жеткен болып саналады. Оның кепілдік мерзімі өткен. Бұл мемлекет тарабынан тиісті қаражат бөліп, модернизациядан өткізу мүмкіндігін береді", - дейді Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы.

Жалпы Шымкентте тұрғын үй кезегінде 51 360 азамат тұр. Оның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасылар, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары және мемлекеттік қызметшілер бар.

Биыл мемлекеттік бағдарламалар аясында 1000 азаматқа сатып алу құқығынсыз жалға пәтер беру жоспарланған. Бірақ бүгінде тек 414 пәтер пайдалануға берілді. Сонымен қатар өткен жылдан өтпелі болған 280 пәтер иелеріне табысталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2202476-shymkentte-51-myngnan-astam-adam-turgyn-ui-kezeginde-tur/