Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар жол қозғалысы ережелері бойынша емтихан тапсыруда қандай қулыққа барады (видео)

Жарияланған күні:

Жол жүру ережесіне мтихан кезіндегі айла-шарғы
ЖЖЕ бойынша емтихан. Видеодан кадр: http://t.me/gov4c_resmi

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қазақстандықтардың жол қозғалысы ережелерін білу емтиханынан қалай өтпек болғанын және қандай айла-шарғы қолданғанын көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметі Telegram-дағы арнасында қазақстандықтардың жол қозғалысы ережелері емтиханын тапсыру кезінде қандай қулыққа баратынын көрсететін бейнеролик жариялады.

Жыл басынан бері 300-ден астам заң бұзушылық тіркелген. Болашақ жүргізушілер емтиханнан өту үшін:

  • Микрокамералар,
  • Микроқұлаққаптар,
  • Телефондар
  • Bluetooth гарнитураларын қолданған.

Мемлекеттік корпорация қазақстандықтарды жол қозғалысы ережелерін үйреніп, емтиханды адал тапсыруға шақырды.

"Құрметті болашақ жүргізушілер, емтиханда, одан кейін жолда тәуекелге барғаннан гөрі жол жүру ережелерін үйреніп, емтиханды адал тапсыру әлдеқайда оңайырақ. Жол қателіктерді кешірмейді", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2202486-qazaqstandyqtar-zhol-qozgalysy-erezheleri-boiynsha-emtihan-tapsyruda-qandai-qulyqqa-barady-video/