jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте құрылыс заттар дүкенінің қоймасынан өрт шықты (видео)

Шымкенттегі өрт
Шымкенттегі өрт. Видеодан кадр: instagram.com/ otyrarkz

Шымкентте құрылыс заттар дүкенінің қоймасынан өрт шықты. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.

Басылымның Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, оқиға 19 желтоқсан сағат 02:37 шамасында Қаратау ауданы Жібек жолы көшесінде орналасқан "Сайман" дүкенінің қоймасында болған. Онда аэрозольді бояу, монтаждық көбік, силиконды клей, герметик сынды құрылыс заттары өртке оранған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, өртті сағат 03:06-да оқшаулап, сағат 03:44 шамасында толығымен сөндірді. Өрттің аумағы 60 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Оқиға орнына Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінен 38 қызметкер мен 6 техника, сондай-ақ Апаттар медицина орталығынан 3 адам мен 1 техника жұмылдырылды.

Шымкентте құрылыс заттар дүкенінің қоймасынан өрт шықты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.