Зектілері

Асхат Шахаров жаңа пәтерлі болған Мәртөктегі отбасылардың қуанышын бөлісті

Жарияланған күні:

Асхат Шахаров жаңа пәтерлі болған Мәртөктегі отбасылардың қуанышын бөлісті
Фото: telegram / Ақтөбе облысы әкімдігі

Күні кеше Мәртөк ауылында 54 отбасы жаңа қоныс иелері атанып, баспаналарының кілтін алды. Облыс әкімі Асхат Шахаров Мәртөк ауданына сапары аясында жаңа баспана иелеріне құтты болсын айта барды. Баспана алған отбасылардың бірі – Өзбекстаннан көшіп келген қандас Кәмшат Кукамбаеваның отбасы. Олар бірнеше жыл Достық ауылында тұрған. 7 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасы баспана кезегін 3 жылдай күткен, деп жазады Ақтөбе облысы әкімінің Telegram-дағы ресми арнасы.

"Біздің үй – кең, жарық және жылы. Отбасымыз үлкен, бөлме жеткілікті. Баспана алғанымызға өте ризамыз. Бұл біз үшін үлкен көмек", - деді отанасы.

Жаңа үй
Фото: telegram / Ақтөбе облысы әкімдігі

Кәмшаттың үлкен ұлы әскерде Отан алдындағы борышын өтеуде. Екінші ұлы – студент. Қалған балалары мектепке және балабақшаға барады. Отбасының қорасында малы бар. Әкім қараған екінші үй Динара Уналбаеваға тиесілі. Енді екінші топтағы мүгедектігі бар бойжеткен аумағы 60 шаршы метр болатын үйде анасымен бірге тұрмақ.

"Бұл үй – отбасымыз үшін нағыз сыйлық. Біз мұндай жайлылықта өмір сүреміз деп армандамаған едік. Көрсетілген қолдау үшін көп рахмет", - деді Динара.

Жаңа қоныстанушылар
Фото: telegram / Ақтөбе облысы әкімдігі

"Ел президентінің тапсырмасы бойынша біз мұқтаж отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуді жалғастыра береміз. Бүгін сіз көптен күткен баспанаға қол жеткіздіңіз және бұл мемлекеттің қолдауының арқасында мүмкін болып отыр. Біз кезекте тұрған әрбір адамның жайлы өмір сүруіне жағдай істейміз. Сіздерге жаңа үйлеріңізде қуаныш көп болсын, отбасыларыңызға амандық тілеймін", - деді әкім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2204133-ashat-shaharov-zhanga-paterli-bolgan-martoktegi-otbasylardyng-quanyshyn-bolisti/