jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте 22 жедел жәрдем көлігі табыс етілді

Жедел желі көлігі
Көлік. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкенттің медицина ұйымдарына 22 жаңа жедел жәрдем көліктері берілді. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.

Басылым мәліметіне сүйенсек, жауапты мамандар бұл тұста қала тұрғындарының жыл сайын көбеюін де ескеріп отыр. Бүгінде үшінші мегаполис тұрғындарының саны ресми статистика бойынша 1 244 415 адамды құрады.

Бұл көліктер төртінші шақырту санатына жататын емханалар мен ауруханалардың жедел жәрдем қызметіне берілуде.

Қазіргі таңда қала тұрғындары мен қонақтарына көмек көрсететін Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының 4 филиалы және 10 қосалқы станциясында 106 бригада қызмет көрсетеді. Оның ішінде 28 дәрігер және 78 фельдшер бригадасы бар.

Шымкентте 22 жедел жәрдем көлігі табыс етілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.