jitsu gif

Шымкентте жас сақшылар полиция жұмысымен танысты

Құжат толтырып отырған полицей
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкентте жас сақшылар полиция жұмысымен танысты. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

"Жас сақшы" сыныбының кадеттері бір күнін полиция департаментінде өткізіп, жедел басқару орталығы, жедел-криминалистика басқармасы және арнайы жасақтың қызметімен танысты.

Департаментке оқушылар мен олардың ата-аналары барды. Жас сақшылар департаменттегі күнін жедел басқару орталығында бастады. Мұнда олар қаланың өмірін сыртқы бейнекамералар арқылы бақылап, олардың қалай жұмыс істейтінін білді.

Келесі полицейлік тәжірибені олар жедел-криминалистикалық басқармасында алды. Криминалистикалық зертханада болашақ полицейлер қылмысты саусақ іздері мен қылмыскер қалдырған басқа іздер арқылы қалай ашуға болатыны жайында ақпарат алды.

Сондай-ақ балалар жылдам әрекет ететін жасақтың сауыт-саймандарын көріп, жауынгерлерден өзін-өзі қорғаудың кейбір әдістерін тамашалады. Іс-шара болашақ тәртіп сақшыларына Шымкент полициясының тарихы туралы кітаптарды табыстаумен аяқталды. Өз кезегінде балалардың ата-анасы полицейлерге алғысын жеткізді.

Шымкентте жас сақшылар полиция жұмысымен танысты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.