jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте балаларға арналған президенттік шырша өтті

Ғабит Сыздықбеков
Ғабит Сыздықбеков. Видеодан кадр: instagram.com/ rsk_shymkent

Шымкентте дәстүрге айналған президенттік жаңажылдық шырша мерекесі ерекше сән-салтанатпен өтті. Шараға қала мектептерінен 9 бен 13 жас аралығындағы 300 бала қатысты. Қатысқандар қатарында белсенділігімен және оқу үлгерімімен ерекшеленген оқушылар, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан дарынды балалар болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ӨКҚ Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, мереке Қасым-Жомарт Тоқаевтың балаларға арнаған құттықтауымен басталған. Президенттің жылы лебізін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жеткізді. Әкім өз сөзінде балаларға жарқын болашақ пен көтеріңкі көңіл күй тіледі.

"Сүйікті балақайлар, сіздер – біздің болашағымызсыздар. Әрқайсыңыздың армандарыңыз орындалып, алда жарқын жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспін", - деп атап өтті Ғабит Әбдімәжитұлы.

Мерекелік кеш барысында Шымкент циркі, Шанин театры, Қуыршақ театры мен өзбек театрының өнерпаздары балаларға ерекше әсер қалдырған түрлі қойылымдар көрсетті. Балалар ертегі әлеміне саяхат жасап, шығармашылық өнердің ғажайып сәттерін тамашалады.

Шырша тойының сәнін келтірген әсем безендірілген шырша мен балаларға таратылған сыйлықтар олардың мерекелік көңіл күйін арттыра түсті. Балғындардың жүзіндегі қуаныш пен шаттық бұл кештің ерекше екенін көрсетті. Президенттік жаңа жылдық шырша балалардың армандарына қанат бітірген игі шара болды.

Еліміздің барлық қаласында бір мезетте өтіп жатқан шараның бас сыйлығы әр балаға президент атынан 120 мың теңгелік сертификат болды. Жаңа жыл қарсаңындағы бұл мереке балалардың жүрегіне қуаныш сыйлап, олар үшін ұмытылмас естелікке айналады.

Шымкентте балаларға арналған президенттік шырша өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.