Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

800 миллион теңге жұмсалған: Алматы Жаңа жыл қарсаңында қалай безендірілді (фото)

Жарияланған күні:

Жаңажылдық безендіру
Жаңажылдық безендіру. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматы көшелері мен алаңқайлары, қоғамдық көліктер, тіпті метрополитен де қала тұрғындары мен қонақтарды қуантып, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында түрленіп шыға келді. Мерекеге орай мегаполис қалай безендірілгенін KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Алматының Жаңа жылға қарсы ерекше безендірілген орталығы Арбат – Жібек жолы даңғылы – жаяу жүргіншілерге арналған көше болды, оны безендіру кезінде қала әкімдігі Лондондағы әйгілі Карнаби стриттен шабыт алған екен.

Жаңажылдық безендіру
Жаңажылдық безендіру. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Биыл Арбат мыңдаған гирляндамен безендіріліп, жарқырай түскен. Ерекше жайлылық пен мерекелік атмосфера сыйлаған бұл көрініс қала тұрғындарының көңілінен шыққандай.

Жаңажылдық безендіру
Жаңажылдық безендіру. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Бейне бір ертегі әлемінде жүргендейсің: мұнда балаларды да, ересектерді де бей-жай қалдырмайтын жарқыраған жұлдыздар мен сүйкімді бұғылар орнатылған.

Жаңажылдық безендіру
Жаңажылдық безендіру. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Панфилов көшесі де назардан тыс қалмаған.

Жаңажылдық безендіру
Жаңажылдық безендіру. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Астана" алаңында орнатылған шырша түрлі-түсті шарлармен жарқырап, көздің жауын алады.

Жаңажылдық безендіру
Жаңажылдық безендіру. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Биыл мерекелік маусымның басталуына орай қала 80 жаңажылдық шыршамен безендірілгенін ерекше атап өткен жөн.

Жаңажылдық безендіру
Жаңажылдық безендіру. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қаланың бас шыршасын безендіру үшін жалпы ұзындығы алты км болатын гирлянда, айшықты шарлар мен шыршаға ілінетін ойыншықтар қолданылған.

Жаңажылдық безендіру
Жаңажылдық безендіру. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қала бойынша 100 автобус пен 50 троллейбус арнайы безендіріліп, қала тұрғындары мен қонақтарына жаңажылдық көңіл-күй сыйлауда. "Алматыэлектротранс" ЖШС өкілдері көлік паркінің безендірілуі жолаушыларға мерекелік және жайлылық атмосферасын сыйлау тәсілі екенін атап өтті.

Автобус
Автобус. Фото: Алматы әкімдігі

Айта кетейік, Алматы метросы да ерекше безендірілген: станциялар мен вагондарға гирляндалар ілінген. Тұрғындар мұндай өзгерістер жаңажылдық көңіл-күй сыйлап, сапарды одан да жайлы ететінін айтады.

Метро
Метро. Фото: Метрополитен қызметі

"Біз метродағы әрбір сапар жолаушыларымыз үшін сәл де болса мереке болғанын қалаймыз вагондардағы әшекейлер адамдарға ертегі сезімі мен мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін жасалған", - дейді метрополитеннің баспасөз қызметі өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2204469-800-million-tengge-zhumsalgan-almaty-zhanga-zhyl-qarsangynda-qalai-bezendirildi-foto/