Шымкенттіктер ауыл көшесіне жеткізілген көгілдір отынды пайдалана алмай отыр
Жарияланған күні:
Шымкенттіктер берілген көгілдір отынды пайдалана алмай отыр. Ауылға газ келді деп атойлаған қарашаның қуанышы су сепкендей басылған. Көше бойына жеткізілген табиғи газды үйге дейін жеткізуге азаматтардың қауқары жетпей отыр. Айтуларынша, "QAZAQ GAZ AIMAQ" АҚ тарабынан талап та күшейген, деп хабарлайды Ontustiktv.kz.
Майра Мәмбетова Қайнарбұлақ саяжайында 10 жылдан бері тұрады. Талай уақыт от жағып, күл шығарып әбігер болған. Қарашадағы жаңалық бір ғана Майра апайды емес, сол маңдағы мыңдаған отбасына қуаныш сыйлаған еді. Бірақ тұрғындардың қуанышы көпке созылмаған.
"Газ 20 қарашада берілген. Содан халық "газ келді, үйге қосып ала саламыз" деп көмір түсірмеген. Газдан техшарт шығарылмай жатыр. Оның себебін сұрасаң, халық көп, құжат дайындау оңай емес дейді", - дейді Майра Мәмбетова.
Тұрғындар қағазбастылықтан да қажыған. Жергілікті жердегі "Қазақгаз Аймақ" АҚ техникалық шартты да уақытылы жасап бермей отырған көрінеді. Ол аз болғандай, үй ішінде газ қондырғысы орнатылмайынша көгілдір отын ас-ауқат үшін де берілмейді. Мамандар бұл мәселені оқыс оқиғалардың көбеюімен байланыстырып отыр.
"100 пайыз дайын болмаса, қондырғылар орнатылмаса, табиғи және улы газға қатысты сигнализациялар болмаса, газ қосылмайды. +01:16 техникалық шар 5 жұмыс күнінде дайын болуы керек. Азаматтар өздері де барып тексерсе болады", - дейді "Qazaqgazaimaq" АҚ бөлім басшысының орынбасары Елдар Қуандықов.
Мәселеден жергілікті әкімдік те құлағдар. Қайнарбұлаққа жеткізілген газ үй ішіне кірмей тұрғаны тұрғындардан әлеуметтік жағдайына тікелей байланысты деп отыр.
"Мынау "Қазақгаздың" техникалық шарттары бар. Әр тұрғын соны орындауы керек. Қыс кезінде қайғылы жағдай болды", - дейді Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі Бұқарбай Парманов.
Осылайша қайнарбұлақтықтар келіп тұрған көгілдір отынның шарапатын көре алмай отыр. Оған себеп құжаттандыру ісінің баяулығы мен талаптың қатаңдығы. Мамандар заң негізінде әрекет ету керек екенін алға тартып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2204916-shymkenttikter-koshe-boiyna-zhetkizilgen-kogildir-otyndy-paidalana-almai-otyr/