Top.Mail.Ru

Зектілері

"Каспий" футбол клубының бұрынғы директоры бопсалау ісі бойынша тергеуге алынды

Жарияланған күні:

Тәртіп сақшысы
Тәртіп сақшысы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Антикор "Каспий" футбол клубы" ШЖҚ МКК бұрынғы директоры мен деструктивті діни топтардың өкілдеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ агенттікке сілтеме жасап хабарлайды.

Күдіктілерге зорлық-зомбылықты қолдана отырып, аса ірі мөлшерде ақша бопсалады деген айып тағылуда.

Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұған қоса тергеу барысында футбол клубының бұрынғы директорының оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру үшін бөлінген бюджет қаражатын жымқыруға қатысы тексеріліп жатыр.

Тергеу жалғасуда, ал істің мән-жайы тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді.

Айта кетейік, Қазақстан Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, соттың заңды күшіне енген үкімі шыққанға дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2205030-kaspii-futbol-klubynyng-buryngy-direktory-bopsalau-isi-boiynsha-tergeuge-alyndy/