Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда ғылыми орталық басшысы оқушыларға бөлінген қаржыны жымқырған

Жарияланған күні:

Ақша ұстаған адам қолы
Ақша. Көрнекі сурет: NUR.KZ/ВладимирТретьяков

Таразда Дене шынықтыру ғылыми-практикалық орталығының басшысы оқушылардың республикалық жарыстарға қатысуына бөлінген қаржыны жымқырған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров айтты, деп хабарлайды Kazinform.

"12 желтоқсан күні Тараз қалалық соты үкімімен Дене шынықтыру ғылыми-практикалық орталығының басшысы А.Жартыбаев пен осы мекеменің әдіскері М.Мойлауов сотталды.

Олар оқушылар арасында республикалық жарыстарға қатысуға бөлінген іссапар шығындарын иемдену арқылы ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды", - деді ол.

Ресми өкіл келтірген дерекке сай, сот үкімімен Жартыбаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 2 жыл 9 айға сотталды.

Ал Мойлауов 2 жыл және қаржы қызметіне байланысты мемлекеттік мекемелерде 3 жылға дейінгі мерзімде қызмет атқару құқығынан айырылып, бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2205060-tarazda-gylymi-ortalyq-basshysy-oqushylarga-bolingen-qarzhyny-zhymqyrgan/