Top.Mail.Ru

Зектілері

Антикор: екі жылда 1 трлн 100 млрд теңгенің заңсыз активтері қайтарылды

Жарияланған күні:

Қаржы-қаражат есептеу
Қаржы-қаражат есептеу. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров соңғы екі жылда елімізге қанша теңгенің заңсыз активі қайтарылғанын айтты. Бұл туралы Kazinform хабарлайды.

"Агенттік 2022 жылдан бастап мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 1 трлн 100 млрд теңгеден астам соманың мүліктік активтері мен қаражатты қайтаруды қамтамасыз етті, оның 321,6 млрд теңгесі тікелей бюджетке өтелді. 

Қайтарылған активтерге әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, люкс үйлер, пәтерлер мен автокөліктер, компаниялардағы үлестер мен акциялар, теміржол рельстері мен қорлар, соның ішінде шетелден алынған қаражат кіреді", - деді Данияр Бегайдаров.

Оның айтуынша, мемлекетке қайтарылған барлық актив әлеуметтік мақсатта пайдалануға бағытталуда.

"Биыл бірнеше нысан, соның ішінде Алматыдағы құны 7,9 млрд теңгеден асатын "Kaisar Tower" бизнес орталығы ғимараты Қазақ ұлттық әйелдер педагогикасы университетіне пайдалануға берілді. "Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы" РММ балансына құны 800 млн теңгеден асатын әкімшілік ғимарат аударылды.

Елордада құны 5 млрд теңгеден асатын үш зәулім үй Астана қаласы әкімдігінің "Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету басқармасы" КММ-ге берілді. Бұл білім беру жағдайын айтарлықтай жақсартып, шығармашылық бастамаларды дамытуға қолдау көрсетеді.

Сәнді мүліктердің бірі — Ақмола облысының Варап ауылындағы жалпы ауданы 1,5 мың шаршы метр резиденция 135 гектар жер учаскесімен бірге Астананың Білім басқармасына берілді", - деді Данияр Бигайдаров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2205062-antikor-eki-zhylda-1-trln-100-mlrd-tenggening-zangsyz-aktivteri-qaitaryldy/