Ақтаудағы ұшақ апатынан көз жұмған қазақстандықтар туралы не белгілі
Жарияланған күні:
Еңбек вице-министрі Ақмади Сарбасов Ақтаудағы брифинг барысында әуе апатынан қаза тапқан қазақстандықтар туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Бүгін Ақтау маңындағы ұшақ апатынан алты қазақстандықтың қаза тапқаны белгілі болды. Қазақстанның вице-премьері Қанат Бозымбаев алты қазақстандықтың төртеуі Маңғыстау облысының, біреуі Қостанай облысының, тағы бірі Астана қаласының тұрғыны болғанын айтты.
Ал брифинг барысында Ақмади Сарбасов қазір төрт қазақстандықтың әлеуметтік мәртебесі анықталып жатқанын хабарлады.
"Осы жұмыстың қорытындысы бойынша қаза тапқандардың отбасының еңбекке жарамсыз мүшелеріне қатысты Қазақстаннан әлеуметтік көмектің қажетті көлемі анықталады – бұл асыраушысынан айырылу бойынша төленетін жәрдемақы. Ал жұмыс істейтіндерге қатысты әлеуметтік төлемдер (қарастырылады-ред.ескертпесі)", - деді вице-министр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2205123-aqtaudagy-ushaq-apatynan-koz-zhumgan-qazaqstandyqtar-turaly-ne-belgili/