Top.Mail.Ru

Зектілері

Полицияның екі қызметкері азаптау фактісі бойынша үш жылға сотталды

Жарияланған күні:

Бас прокуратура кеңсесі
Бас прокуратура кеңсесі. Фото: gov.kz

Қазақстан бас прокуратурасының хабарлауынша, Қарағанды полициясының екі қызметкері куәгерді азаптады деген айыппен сотталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ прокуратура мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

"Қарағанды облысы прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы полиция қызметкерлерінің куәгерді азаптау әрекеті бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеді.

Ол басқа бір азаматтың денсаулығына орташа зиян келтіргені үшін жауап алу мақсатында полицияға шақырылған. Полицияның екі қызметкері жұмыс кеңсесінде оған психологиялық қысым көрсетіп, кінәсін мойындау үшін дене жарақаттарын келтірген", - деп хабарлады Бас прокуратура ресми телеграм-арнасында.

Құзырлы орган мәліметінше, Қарағанды облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты криминалдық полиция бөлімінің аға қызметкерлерін кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айырды.

Олар жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Сотталғандар "полиция капитаны" арнайы атақтарынан айырылды. Оларға жәбірленушілердің өтемақы қорына айыппұл төлеу жазасы да тағайындалды.

Қарағанды облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы үкімді өзгеріссіз, апелляциялық шағымдарды қанағаттандырусыз қалдырды, деп хабарлады Бас прокуратура.

Естеріңізге сала кетейік, жақында дәл осы Қарағандыда қылмыстық-атқару жүйесінің бір қызметкері қамауда отырған адамды азаптағаны үшін сотталған.

Ал бір ай бұрын Ақмола облысында құқық қорғау органының бұрынғы басшысы 3 жыл 6 айға сотталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2205330-politsiianyng-eki-qyzmetkeri-azaptau-faktisi-boiynsha-ush-zhylga-sottaldy/