Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте заңсыз табысталған жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

Жарияланған күні:

Жер телімі
Жер телімі. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкент қаласының прокуратурасы заңсыз табысталған жер учаскелерін  анықтау және қайтару бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.

Басылым мәліметіне сүйенсек, жергілікті атқарушы орган заң талаптарын бұза отырып, жерді пайдалану мерзімін заңсыз ұзартқан. Сондай-ақ жосықсыз тұлғалардың жалған құжаттар негізінде жерді заңдастыру фактілері анықталды.

Жалпы алғанда 2024 жылдың басынан бері қадағалау актілерін қарау нәтижесінде кадастрлық құны 747 млн теңгеден асатын жалпы алаңы 158,6 га құрайтын жер мемлекетке қайтарылды, олар заңды экономикалық айналымға тартылады.

Бұзушылықтарға жол бергені үшін 4 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2205396-shymkentte-zangsyz-tabystalgan-zher-uchaskeleri-memleketke-qaitaryldy/